Әлем

Қытайдың Сичан ғарыш айлағында зымыранға ұшырылғаннан кейін 30 секундтан соң найзағай түсті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың Сичан ғарыш айлағында «Чанчжэн-3Б» зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін шамамен 30 секунд өткенде найзағай түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Найзағай разрядына қарамастан, зымыран зақымданбай, «Тяньлянь-2-06» байланыс спутнигін белгіленген орбитаға сәтті шығарды. Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ғарыш аппаратының жабдықтары да ешқандай зақымданбаған.

Бұл миссия Қытайдың 2026 жылғы 52-ші ғарыштық ұшырылымы және «Тяньлянь-2» деректерді ретрансляциялау спутниктік жүйесінің алтыншы ұшырылымы болды.

Көп оқылғандар