Сурет: istockphoto.com
Қазақстан Бас прокуратурасы Қытайдан тауарларды экономикалық контрабанда жолымен жеткізген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу деректері бойынша, схемаға қатысы бар 37 компанияның екеуі мемлекетке 2,7 млрд теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында заңсыз схемаға 37 компанияның қатысы бар екені анықталды. Олардың ішінде өзара байланысты екі кәсіпорынның қызметінен мемлекетке келтірілген залал 2,7 млрд теңгеден асты.
5 тамызда Қазақстанның екі азаматы қылмыстық топ ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Олар экономикалық контрабанда және кедендік төлемдерді төлеуден жалтару бойынша да күдікке ілінді.
7 тамызда сот күдіктілерді қамауда ұстауға санкция берді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Мазмұнға өту
