Әлем

Қытайда көшкін салдарынан сегіз адам қаза тауып, 34 адам із-түзсіз жоғалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қытайдың оңтүстік-батысындағы көшкіннен сегіз адам қаза тауып, тағы 34 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға ұзаққа созылған нөсер жауыннан кейін болған. Тас пен топырақ аралас көшкін 10-нан астам тұрғын үйді басып қалған.

Құтқарушылар қауіпті аймақтан мыңнан астам тұрғынды эвакуациялады. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үйінді астында әлі де ондаған адам болуы мүмкін.

Көп оқылғандар