Әлем

Қытайда «Бави» тайфунына байланысты 2,8 миллионнан астам адам эвакуацияланды

Сурет: azertag.az

Қытайда «Бави» тайфуны салдарынан 2,8 миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Эвакуацияланғандардың 2,2 миллионы Чжэцзян провинциясының тұрғындары. Бұл аймақ Қытайдың ірі экономикалық және технологиялық орталықтарының бірі саналады. Қазіргі уақытта қаза болғандар немесе зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

«Бави» тайфуны 11 шілде кешке Чжэцзян провинциясындағы Юйхуань жағалауындағы қалаға жеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дауыл кезінде желдің екпіні өте қатты болған. Кейбір үйлердің шатыр жабындары мен ағаш бұтақтары құлаған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, дүлей дауылдан 1300-ден астам ағаш құлаған. Кейбір аумақтарда су деңгейі көлік дөңгелегінің биіктігіне дейін көтерілген.

Көп оқылғандар