Categories Қаржы

Қытай Қазақстанға 1,5 млрд доллар инвестиция салып, жаңа өндірістер ашпақ

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қытайдың ірі өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік холдингтерінің басшыларымен кездесу өткізді. Келіссөздер Үрімшідегі «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының алаңында өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың ірі көмір өндіру және көмір химиясы компаниясы China Pingmei Shenma Holding Group Қазақстанда 1,5 млрд долларға заманауи көмір-химия кешенін салу жобасын қарастыруда. Жоба көмірді терең өңдеудің толық циклін құруды көздейді. Серік Жұманғарин бастаманы қолдап, қытайлық тарапты Қазақстанға шақырды.

«Біз көмір химиясы саласындағы жобаларды қызу қолдаймыз. Жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингімен және Қазақстанның даму банкімен бірлесіп, қаржыландыру тетігін пысықтауға дайынбыз. Абай облысы да ынтымақтастық үшін ашық және жобаны жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайын», — деді вице-премьер.

Кездесу қорытындысы бойынша China Pingmei Shenma Holding Group пен «QazTrade» АҚ көмір ресурстарын игеру және көмір химиясын дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тағы бір серіктес — Xinjiang Zhongxinjian Animal Husbandry Co. Ltd. компаниясы. Тараптар ветеринарлық препарат өндіру технологиясын беру, ветеринария, мал және өсімдік шаруашылығы саласында кешенді шешімдер енгізу мүмкіндігін талқылады. Қытайлық компания «Қорғас» АЭА аумағында жылына 1 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіптік парк салуды ұсынды.

Серік Жұманғарин Абай облысын агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобалардың базалық алаңы ретінде қарастыруды ұсынды. Вице-премьер Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы соңғы ветеринарлық шектеуді алып тастағаннан кейін Қазақстан мал шаруашылығы өнімін әлемдік нарыққа экспорттауға қосымша мүмкіндік алғанын атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан тірі малды экспорттауға емес, терең өңделген дайын өнімді жеткізуге мүдделі. Сапаны бақылау мен заманауи логистика инфрақұрылымын құру қытай нарығына қайта өңделген өнім экспортын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», — деді Серік Жұманғарин.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…

Ұялы байланысқа қатысты жаңа ережелер 28 маусымнан күшіне енеді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа ережелер 28…

«Отбасы банк» 283 мыңнан астам жас азаматтың баспаналы болуына көмектесті

«Отбасы банк» жұмыс істеген кезеңде 35 жасқа дейінгі 283 мыңнан астам жас азамат баспаналы болды.…