Сурет: president.kg
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин екі ел арасындағы «мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы» шартқа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа Бішкекте өткен екі ел басшыларының келіссөздерінен кейін қол қойылды. Си Цзиньпин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барып, Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөздер өткізді.
Қырғызстан Президенті жаңа келісімді екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалады.
Айта кетейік, Қытай басшысының Қырғызстанға сапары аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған. Сондай-ақ Си Цзиньпин «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысады.
Еске сала кетейік, бүгін 31 тамызда Мемлекет басшысы Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
