Categories Қаржы

ҚТЖ өкілі пойыз бен ұшақ билеттерінің бағасы бірдей болу себебін түсіндірді

Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ (архив)

«Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов кейбір кезеңдерде теміржол билеттерінің бағасы әуе билеттерінің бағасымен сәйкес келуі мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, кейбір кезеңдерде әуе билеттерінің бағасы теміржол билеттерінің бағасымен бірдей болуы мүмкін, тіпті кей жағдайда пойыз билеті қымбатырақ болуы да ықтимал.

«Бірақ сұраныс жоғары болатын маусымдарда әуе билеттерінің бағасы 70-100 мың теңгеге дейін жетеді. Сондықтан бағаларды жылдық көрсеткіштер мен әртүрлі маусымдар бойынша салыстырған дұрыс деп ойлаймын», деді ол Үкіметтегі брифинг барысында.

Оның сөзінше, авиация саласында динамикалық тарифтік басқару жүйесі қолданылады. Яғни билет бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Ал теміржол билеттерінің бағасы жыл бойы тұрақты сақталады.

Ол компания жыл сайын Көлік министрлігімен жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес билет бағасын индекстейтінін атап өтті. Биыл 1 сәуірден бастап билеттер құны 7%-ға көтерілді. Сонымен қатар, өткен жылғы инфляция деңгейі 12%-дан асқандықтан, бұл индексация инфляция көрсеткішіне толық сәйкес келмейді.

Ұқсас жазбалар

Air Astana экс-басшысы Питер Фостер жүк тасымалдау компаниясының директоры болды

Air Astana әуе компаниясын 21 жыл басқарған Питер Фостер отандық жүк тасымалдау әуе компаниясының тәуелсіз…

Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады

Парламент Мәжілісі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерді ратификациялады.

Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды

2026 жылдың бес айында Қазақстанда 3 мыңнан астам есірткіге қатысты құқықбұзушылықтың жолы кесілді.