Categories Қаржы

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды

Сурет: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық компанияның мәліметінше, оның өкілеттігі акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Акционердің шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алдыбергенов Талғат Сағиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», делінген ресми хабарламада.

Ұлттық теміржол компаниясының жаңа басшысы болып кім тағайындалатыны әзірге белгісіз. Талғат Алдыбергенов бұл қызметке 2025 жылдың шілде айында тағайындалған еді.

Ол еңбек жолын 1992 жылы бастап, әр жылдары Батыс Қазақстан темір жолында станса кезекшісі, коммерциялық бөлімнің басшысы және бөлімше бастығы болып жұмыс істеген. Кейін «Қазтеміртранс» және «Кедентранссервис» компанияларында басшылық лауазымдарды атқарған.

Ұқсас жазбалар

Жанабыловтардан тәркіленген 8 автокөлік мемлекеттік органдарға берілді

Сотталған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың курсын сатып алушылар арасында ұтысқа тігілмек болған 8…

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысына қатысушы халықаралық компаниялардың басшыларымен екіжақты…

ҰБТ-ны алмастыратын AIT емтиханының моделі әзірленуде

Астанада ETS халықаралық ұйымының өкілдері AIT жаңа қабылдау емтиханының моделін әзірлеуге арналған зерттеу нәтижелерін таныстырды.