Қоғам

ҚазҰУ-да студент қазасынан кейін проректор мен декан қызметінен босатылды

Сурет: farabi.university

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттің қазасына байланысты проректор мен факультет деканы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ қайғылы оқиға болған күні жатақханада кезекшілікте тұрған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазаның отбасы үшін қаншалықты ауыр екенін терең сезініп, ата-ана мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз. Университет отбасымен байланыста және қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Қазіргі таңда барлық жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіби психологиялық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар енгізілді», делінген ҚазҰУ хабарламасында.

Университет өкілдері оқиғаға қатысты ешқандай деректі жасырмайтынын және құқық қорғау органдарының тергеуіне толық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Көп оқылғандар