Сурет: Egemen Qazaqstan
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары арқылы 23,636 млн тонна мұнай тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Атырау – Самара мұнай құбыры бойынша тасымал көлемі 42 мың тоннаға артып, 5,095 млн тоннаны құрады. Атасу – Алашанькоу бағытында 5,702 млн тонна мұнай тасымалданып, өсім 236 мың тонна болды.
Каспий құбыр консорциумы жүйесіне жөнелтілген мұнай көлемі 725 мың тоннаға ұлғайып, 2,524 млн тоннаға жетті. Ақтау порты арқылы 1,713 млн тонна мұнай жөнелтілді, оның 704 мың тоннасы Баку – Тбилиси – Жейхан бағытына бағытталды.
Қазақстан – Қытай мұнай құбыры арқылы 9,757 млн тонна мұнай тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 149 мың тоннаға артық.
Мазмұнға өту
