Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 28 қазан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт. Жел 3–8 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт. Жел 8–13 м/с. Түнде +3…+5°C, топырақ бетінде үсік мүмкін. Күндіз +17…+19°C.
Ақтау мен Ақтөбеде күн ашық. Ақтауда жел 5–10 м/с, түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C. Ақтөбеде жел 5 м/с-қа дейін, түнде -3…-5°C, күндіз +14…+16°C.
Атырауда ашық, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +16…+18°C.
Жезқазған мен Қарағандыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жезқазғанда жел 4–9 м/с, түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C. Қарағандыда жел 2–7 м/с, түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Жел 9–14 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +12…+14°C.
Қостанайда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +10…+12°C.
Қызылордада ашық. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.
Павлодарда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C.
Петропавлда жауын-шашын күтілмейді. Жел 9–14 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +8…+10°C.
Семей мен Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Семейде жел 4–9 м/с, түнде -5…-7°C, күндіз +5…+7°C. Өскеменде жел 4–9 м/с, түнде -5…-7°C, күндіз +5…+7°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз +13…+15°C.
Таразда жауын-шашын күтілмейді. Жел 9–14 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +10…+12°C.
Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +16…+18°C.
Оралда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +13…+15°C.
Мазмұнға өту
