Сурет: pixabay.com
«Қазгидромет» 2026 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклондар ықпал етеді. Қолайсыз ауа райы әуелі елдің батысында байқалып, соңынан солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге жетеді.
Республика аумағында қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік аймақтарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.
Бұған дейін «Қазгидромет» қыс айларына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мазмұнға өту
