Қоғам

«Қазгидромет» 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» 20 қараша, жұма күніне арналған Қазақстан өңірлері бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз +3…+5°C болады.

Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Алматыда жел 3-8 м/с, түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C. Шымкентте жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.

Ақтөбе мен Атырауда жаңбыр жауады. Ақтөбеде жел 5-10 м/с, түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C. Атырауда жел 5-10 м/с, түнде +4…+6°C, күндіз +8…+10°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с, түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C. Қарағандыда да жауын-шашын күтілмейді, жел 3-8 м/с, түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.

Көкшетауда жел 2-7 м/с, түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C. Қонаевта жел 9-14 м/с, түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C.

Қостанайда жел 7-12 м/с, түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C. Қызылордада жел 5-10 м/с, түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.

Павлодарда жел 3-8 м/с, түнде -7…-9°C, күндіз 0…+2°C. Петропавлда жел 7-12 м/с, түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.

Семейде жел 4-9 м/с, түнде -3…-5°C, күндіз +5…+7°C. Талдықорғанда жел 1-6 м/с, түнде -1…+1°C, күндіз +12…+14°C.

Таразда жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде +7…+9°C, күндіз +19…+21°C. Түркістанда жел 8-13 м/с, түнде +7…+9°C, күндіз +16…+18°C.

Оралда жел 9-14 м/с, түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C. Өскеменде жел 2-7 м/с, түнде -4…-6°C, күндіз +5…+7°C.

Көп оқылғандар