Қоғам

«Қазгидромет»: 20 қарашада 10 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Сурет: magnific.com

«Қазгидромет» синоптиктері 20 қарашаға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеожағдайлар — ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

«20 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен және Риддер қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Үндістанның астанасы Дели ауаның ластану деңгейі бойынша Пәкістанның Лахор қаласынан озып, әлемдегі ірі қалалар арасында бірінші орынға шықты.

Көп оқылғандар