Сурет: magnific.com
«Қазгидромет» 18 қарашаға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеожағдайлар — атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқамерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
«18 қарашада Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Талдықорған, Өскемен, Павлодар және түнде Астана, Атырау, Көкшетау қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Үндістанның астанасы Дели ауаның ластану деңгейі бойынша Пәкістанның Лахор қаласынан озып, әлемдегі ірі қалалар арасында бірінші орынға шықты.
Бұған дейін бүгін бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсетіні хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
