Қаржы

Қазатомөнеркәсіп Қытай мен Ресейге уран жеткізу туралы келісім жасады

Сурет: istockphoto.com

«Қазатомөнеркәсіп» Қытай мен Ресейге табиғи уран жеткізу бойынша келісімшарттарға қол қойды. Келісімдер Қытайдың SNURDC және Ресейдің «Ураниум Уан Груп» компанияларымен жасалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ұлттық атом компаниясы Қытайдың SNURDC және Ресейдің «Ураниум Уан Груп» компанияларымен табиғи уран жеткізу туралы келісімшарттар жасасты. Келісімшарттардың бағасы, жеткізілетін уран көлемі мен мерзімі коммерциялық құпияға байланысты жарияланбайды.

Уран Қытайға Алашанькоу станциясы арқылы, ал Ресейге Сібір химия комбинатына жеткізіледі.

Көп оқылғандар