Синоптиктердің болжамынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер сақ болуы керек. Найзағай кезінде ашық жерде жүрмеу, биік нысандардан аулақ болу ұсынылады.

