Categories Қаржы

Қазақстанға келген туристер саны 15,7 млн-ға жетті: сарапшы сапаға назар аудару керек дейді

2025 жылы Қазақстанға шетелден 15,7 миллион турист келген. Бұл былтырғыдан 400 мың адамға көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Туризм саласының сарапшысы Жансая Ғаниқызының айтуынша, сандық көрсеткіштерді қуудан гөрі сапаға мән беру маңызды.

Біз туристерге қызмет көрсету деңгейін көтеруіміз керек. Әйтпесе, келушілер саны көбейгенімен, олардың қайта келу ықтималдығы төмендейді, – дейді ол.

Сарапшы инфрақұрылымды жақсарту, гидтердің біліктілігін арттыру және қызмет бағасын реттеу қажет екенін атап өтті. Әсіресе, Батыс Қазақстан аймағының туристік әлеуетін толық пайдалану керек.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Қазақстанда 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі 2635 дәрілік препаратқа салыстырмалы баға талдауын жүргізіп, 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендегенін анықтады.

Колледждерге құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен колледждерге құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды. Қабылдау комиссиясы 10 маусымнан кешіктірілмей құрылады.