Қаржы

Қазақстандықтардың жалақысы 41%-ға өсті: экономикалық серпіннің нәтижесі

2017 жылдан бері еліміздегі орташа жалақы 41 пайызға артты. Бұл – экономиканың тұрақты өсуінің жемісі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, мұндай көрсеткішке ЖІӨ-нің жоғары қарқынмен өсуі себеп болған. Мамандардың айтуынша, нақты сектордағы өнімділіктің артуы халықтың табысына оң әсер еткен.

«Біздің басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жалақының өсуі – экономикалық реформалардың дұрыс бағытта жүріп жатқанының дәлелі», – деді министрлік өкілі.

Сарапшылардың пікірінше, егер экономикалық өсу қарқыны сақталса, алдағы жылдары да жалақының өсуі жалғасады. Қазіргі уақытта еңбекақының нақты мөлшері аймақтар мен салалар бойынша ерекшеленеді.

Көп оқылғандар