Қаржы

Қазақстандықтардың табысы азайып, тек азық-түлікке жұмсайтын болды

Қазақстандықтардың табысы төмендеп, халық ақшасын негізінен азық-түлікке жұмсай бастады. Бұл туралы соңғы экономикалық зерттеулер көрсетіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылдың алғашқы төрт айында табыс өсімі 7%-ды құраған еді. Алайда қазіргі динамика былтырғы деңгейден төмен. Сарапшылардың пікірінше, бұл инфляция мен экономикалық тұрақсыздыққа байланысты.

Халықтың негізгі шығыны азық-түлікке кетеді. Басқа қажеттіліктерге ақша жетпейді, — дейді экономист Нұрлан Серікқалиев.

Батыс Қазақстан облысында да жағдай ұқсас. Жайық өңірінің тұрғындары табыстың азаюына шағымдануда. Мамандар бұл үрдіс жалғасатынын болжап отыр.

Көп оқылғандар