Сурет: Kazinform
Өзбекстанда шетелдік капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 20 мыңнан асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Ұлттық статистика комитетінің 1 шілдедегі есебіне сәйкес, көршілес елде қытайлық кәсіпорындардың үлесі басым.
Маусым айынан бері қытайлық компаниялардың саны 239-ға көбейіп, жалпы көрсеткіш 6 060-қа жетті. Екінші орында 3 454 компаниямен Ресей тұрса, үштікті 2 293 кәсіпорынмен Түркия түйіндейді.
Қазақстандық инвесторлар да белсенділік танытты. Маусымнан шілдеге дейінгі бір айда олар Өзбекстанда 24 кәсіпорын ашты. Қазіргі уақытта ресми Ташкентте қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 1 307-ге жетті.
Бұған дейін Өзбекстанда қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейгені хабарланған болатын. Сондай-ақ, биылғы үш айда Қазақстаннан Өзбекстанға аударылған ақша көлемі 155 млн доллардан асты. Қаңтар-мамыр аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асқанын айта кеткен жөн.
Мазмұнға өту
