Сурет: ҰОК
Иорданияның Амман қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Чемпион атанған спортшылар: Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін) және Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін).
Күміс жүлдені Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін) және Руслана Махатова (78 келіден жоғары) жеңіп алды.
Қола медальді Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін) және Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) қанжығалады.
Бұған дейін Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан Еуропа кубогінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль алған болатын.
Мазмұнға өту
