Қаржы

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Сурет: istockphoto.com

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жерлеу рәсімдеріне байланысты қызметтердің бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қаңтар-наурыз айларында елімізде 31,2 мың адам қайтыс болған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 0,6%-ға жоғары.

Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және оған қатысты қызметтердің көлемі 1,8 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 837,9 млн теңге болған еді.

Бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында тіркелген – мұнда қызмет құны 20%-ға артқан. Жамбыл облысында 16,9%-ға, Қостанай облысында 15,6%-ға, Алматы қаласында 14,9%-ға қымбаттаған. Ал Ақмола, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары мен Астана қаласында баға өзгеріссіз қалған.

Көп оқылғандар