Categories Қаржы

Қазақстанда сатушыларға QR-код арқылы шағымдану жүйесі іске қосылады

Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдануға болатын пилоттық жоба енгізіледі. Бұл жаңа жүйе тұтынушыларға дүкендер мен қызмет көрсету орындарындағы кемшіліктерді тез әрі ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобаны Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тыныштықов таныстырды. Оның айтуынша, жаңа жүйе алдымен бірнеше өңірде сынақтан өтеді.

«Біз тұтынушыларға шағымдануды жеңілдету үшін QR-кодтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Енді адамдарға қағазға шағым жазу немесе арнайы органдарға бару қажет болмайды», — деді Тыныштықов.

Жүйе қалай жұмыс істейді: әрбір сауда нүктесінде QR-код орналастырылады. Тұтынушы оны сканерлеп, арнайы платформаға өтіп, өз шағымын қалдырады. Шағым автоматты түрде комитетке түсіп, қаралады.

Бұл бастама тұтынушылардың құқығын қорғау тиімділігін арттырып, сатушылардың жауапкершілігін күшейтеді деп күтілуде. Пилоттық жоба нәтижесіне қарай, жүйе еліміздің барлық аймағына таратылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.