Categories Жайық news

Қазақстанда қызылша өршіді: Ауырған балалардың 80%-ға жуығы екпе алмаған

Қазақстанда ата-аналардың екпеден жаппай бас тартуы салдарынан қызылша ауруы өршіп тұр. Дертке шалдыққан балалардың басым бөлігі вакцина алмағаны анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, ауру жұқтырған балалардың 79 пайызы екпе салдырмаған. Олардың 59 пайызына ата-анасының қарсы болуы себеп болған.

Биылдың өзінде екпеден бас тартудың 19 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл өз кезегінде ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне әкеп соқты.

Жыл ішінде жалпы көрсеткіштер төмендегенімен, қараша айынан бастап инфекцияның таралуы қайтадан күшейген.

Осыған байланысты Алматы қаласында 6 айдан асқан балаларға қосымша вакцинация жасау шаралары қолға алынды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…