Categories Қаржы

Қазақстанда ломбардтардың табысы рекордтық деңгейге жетті

Сурет: istockphoto.com

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы ломбардтардың жиынтық таза табысы 54,7 млрд теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең жоғары табысқа «М-Ломбард» қол жеткізді. Компания қаңтар-наурыз айларында 12,9 млрд теңге пайда тапты. Екінші орында «МК-Ломбард» (10,5 млрд теңге), үшінші орында «МК-Золото Ломбард» (9,7 млрд теңге) тұр.

Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған 466 ломбардтың 337-сі пайдаға кенелді. Ал шығынмен жұмыс істеген ұйымдар саны 109-дан 85-ке дейін азайды.

Ломбардтардың несие портфелі де айтарлықтай ұлғайды. 2026 жылдың наурыз айының соңында негізгі қарыз көлемі 481,3 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 63 пайызға өсті.

Төлемі 90 күннен астам кешіктірілген несиелердің (NPL 90+) үлесі төмендеді. Егер 2025 жылдың наурызында бұл көрсеткіш 2,3 пайыз болса, 2026 жылы 2,1 пайызды құрады. Бұл проблемалық несиелердің үлесі азайғанын көрсетеді.

Сарапшылар нарықтың қарқынды өсуімен бірге тәуекелдер де сақталып отырғанын айтады. Кейбір ломбардтарда мерзімі өткен несиелердің үлесі айтарлықтай жоғары болып отыр. Сондықтан алдағы кезеңде сектордың тұрақты дамуы несие сапасын сақтауға, проблемалық берешекті бақылауда ұстауға байланысты болмақ.

Ұқсас жазбалар

Жыл басынан бері Қазақстанда 80 мыңға жуық көлік шығарылды

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 78 580 бірлік автокөлік техникасы өндірілген. Бұл туралы Ұлттық статистика…

Brent маркалы мұнай бағасы 0,7%-ға өсіп, барреліне 72 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы 0,7%-ға өсіп, барреліне 72 доллардан жоғары саудаланып жатыр. Әлемдік мұнай нарығында…

ҚПЛ: «Жеңіс» пен «Астана» тең тарқасты

ҚПЛ XV турында «Жеңіс» пен «Астана» 2:2 есебімен тең түсті. Голдарды Томасов, Мартинс, Хасейн және…