Categories Қаржы

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Сурет: gov.kz

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаның көлеміне байланысты белгіленеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ережеге сәйкес, егер тұрғын үй сатып алушы пәтер құнының 30 пайызын өз қаражаты есебінен төлеп, қалған 70 пайызын ипотека арқылы рәсімдесе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) ең жоғары шегі 20 пайыз болады. Ал бастапқы жарна 30 пайыздан төмен, ал несие сомасы тұрғын үй құнының 70 пайызынан жоғары болса, ең жоғары ЖТСМ бұрынғыдай 25 пайыз деңгейінде сақталады.

Пәтердің құны сатып алу-сату шартында көрсетілген баға мен тәуелсіз бағалаушы белгілеген нарықтық құнның қайсысы төмен болса, сол бойынша есептеледі. Бұл өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал оған дейін ипотекалық несиелер бойынша қазіргі 25 пайыздық шекті мөлшерлеме сақталады.

Елімізде басқа несие түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгермейді. Атап айтқанда, кепілсіз банктік несиелер үшін – 46 пайыз, кепілмен берілетін несиелер үшін – 35 пайыз, ал микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлеме 179 пайыз деңгейінде қалады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…