Categories Әлем

Қазақстанда ілбістердің саны 20 жылда екі есеге артты: министрлік дерегі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда ілбістердің саны соңғы жиырма жылда екі есеге жуық өсті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мамандарының айтуынша, бүгінде ел аумағында 130-дан астам ілбіс тіркелген. Бұл көрсеткіш 2000-жылдармен салыстырғанда екі есеге өскен.

«Ілбістердің санын арттыруда қорықтар мен ұлттық парктердің жұмысы маңызды рөл атқарды. Браконьерлікке қарсы күрес күшейтіліп, жануарлардың табиғи мекендейтін жерлері қорғалды», – деді министрлік өкілі.

Қазақстанда ілбіс негізінен Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында кездеседі. Бұл жануар Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.

Экологтар ілбістердің санын одан әрі арттыру үшін қорықтарды кеңейту және жергілікті тұрғындарды экологиялық тәрбиелеу қажет екенін айтады.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…