Сурет: Ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биылғы 1 маусымда елімізде 24 634 электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 55,6 пайызға артқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Электромобильдердің ең көп шоғырланған өңірі – Алматы қаласы. Мұнда 15 280 электромобиль тіркелген, бұл жалпы парктің 62 пайызын құрайды. Инфрақұрылымның жақсы дамуы, қуаттау станцияларының көптігі және тұрғындардың жаңа көлік түрлеріне қызығушылығы себеп болған.
Екінші орында Астана – 2 885 электромобиль, үшінші орында Алматы облысы – 1 589 электромобиль тіркелген.
Ішкі істер министрлігі көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін жақын туыстарға мұраға қалдыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Жаңа тәртіп бойынша, бұрын пайдаланылған нөмірлерді мемлекеттік органдарға, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен отбасы мүшелеріне рәсімдеуге болады.

