Қаржы

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі 20,5%-ға жетті: банктер тартымды үстеме ұсынып жатыр

Қазақстандық банктер депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеріп жатыр. Кейбір қаржы ұйымдары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 20,5%-ға дейін жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам халықтың жинақ ақшасын банкке салуға ынталандыру үшін жасалып отыр.

«Біз клиенттерге тиімді шарттар ұсынуға тырысамыз. Қазіргі уақытта ең жоғары мөлшерлеме – 20,5%, бірақ бұл барлық салым түріне қолданылмайды», – деді банк өкілі.

Басқа банктер де бәсекеге ілесіп, мөлшерлемелерін біртіндеп көтеруде. Салымшылар үшін ең бастысы – келісімшартты мұқият оқып, нақты табысын есептеу.

Көп оқылғандар