Categories Қаржы

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Сурет: Egemen Qazaqstan

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты айға ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұсынысқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортқа шектеу 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін, ал одақтан тыс мемлекеттерге тыйым 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін қолданылады. Гуманитарлық көмек және Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын жеткізілімдер бұл шектеуге кірмейді.

Тыйым салынатын өнімдер тізіміне бензин мен дизельден бөлек, жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, газойльдер, толуол, ксилол және битум да енгізілген. Құжат қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шығарылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсті

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсіп, 24 634-ке жетті. Ең көп электромобиль Алматыда тіркелген.

Несие төлемін жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылды

1 шілдеден бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірінші кредиттік бюро Finkelisim.kz платформасын…

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін бағалайтын Gender Index платформасы әзірленеді

Қазақстанда әйелдердің экономикадағы рөлін бағалауға арналған Gender Index аналитикалық платформасы әзірленбек. Бұл мемлекеттік саясатты жетілдіруге…