Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанда міндетті автосақтандыру құнын есептеу кезінде жүргізушінің жолдағы тәртібі мен көлік жүргізу мәнері ескерілуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жүйе жол ережесін бұзу деректерін, жүргізушінің жасы мен өтілін, сондай-ақ пайдаланылатын өңірді назарға алады.
Яғни жолда тәртіп сақтап, апатқа жиі түспейтін жүргізушілер үшін сақтандыру полисі арзанырақ болуы мүмкін. Ал ережені жиі бұзатындар көбірек төлеуі ықтимал.
Бұл өзгерістер «Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасына енгізілген.
