Қаржы

Қазақстанда автокөлік саны 6 миллионнан асты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 2026 жылдың маусым айында 167 878 автокөлік мемлекеттік есепке қойылған. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 13,7 пайызға артық, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тіркелген көліктердің 87,4 пайызы – жеңіл автомобильдер, 5,7 пайызы – жүк көліктері, 2,4 пайызы – тіркемелер, 1 пайызы – мотоциклдер, 0,9 пайызы – автобустар, ал 2,6 пайызы – өзге де көлік құралдары.

Маусымда тіркелген автокөліктердің 34,5 пайызының қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше сантиметрге дейін болған. 136,2 мың көлік – бензинмен, 11,1 мыңы – аралас отынмен, 2,8 мыңы – электр қуатымен жүретін көлік ретінде тіркелген. 5,8 мың көлік бойынша отын түрі көрсетілмеген.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Оның ішінде 5,05 миллионы – жеңіл автомобиль, 52,6 мыңы – өзге көлік құралдары. Өңірлер бойынша ең көп автокөлік Алматы қаласында тіркелген – 733,3 мың. Екінші орында Алматы облысы тұр, мұнда 646,3 мың көлік есепке алынған.

Көп оқылғандар