Categories Қаржы

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда 7 шілдеден бастап төлемдер мен ақша аударымдарына арналған бірыңғай QR-код жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Жүйені толық іске қосу 2026 жылдың 19 шілдесіне жоспарланған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім Қазақстан Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласында екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы өкілдерімен өткізген кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды. Кездесу барысында мобильді аударымдар мен QR арқылы төлем жасау сервистерін одан әрі енгізу мәселелері талқыланды.

Бірыңғай QR-код Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің құрамдас бөлігі болады. Бұл сервис әртүрлі банктердің клиенттеріне телефон нөмірі арқылы ақша аударуға және бір ғана QR-код арқылы сатып алған тауары мен қызметінің ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сауда орындарында орнатылатын төлем терминалдарының санын кәсіпкерлер өздері, банктердің қызмет көрсету шарттарына қарай дербес анықтайды.

Ұқсас жазбалар

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…

Қазақстанда бензин мен дизель экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және бірқатар мұнай өнімдерін елден шығаруға қойылған тыйымды тағы алты…

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсті

Қазақстанда электромобильдер саны 55,6%-ға өсіп, 24 634-ке жетті. Ең көп электромобиль Алматыда тіркелген.