Сурет: stat.gov.kz
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, мамыр айында 147,7 мың автокөлік есепке алынған. Жалпы елімізде 6 миллионға жуық көлік тіркелген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылғы мамырда 147,7 мың көлік тіркелген. Оның ішінде жеңіл автомобильдер – 129,0 мың, жүк көліктері – 8,7 мың, автобус – 1,3 мың, мотоцикл – 1,6 мың, тіркеме – 3,6 мың және 3,3 мыңы басқа көліктер. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 995,0 мың автокөлік тіркелген. Оның 84,2% – жеңіл автомобильдер, 8,0% – жүк көліктері, 4,3% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, 1,2% – мотоциклдер және 0,8% – басқа көліктер. Отын түрі бойынша көліктердің 80% бензинмен, 7,6% дизельмен жүреді, аралас отын үлесі – 6,5%. Газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4% құрайды. Электр қуатымен жүретін 32 479 көлік тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,5%.
Электр көліктерінің ең көп саны Алматы қаласында – 17 506, Астана қаласында – 3 235, Алматы облысында – 2 857, Шымкент қаласында – 1 042 бірлік.

