Categories Қаржы

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Сурет: primeminister.kz

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, өткен жылы ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі 27,4 млрд текше метр болса, 2032 жылға қарай бұл көрсеткіш 35,5 млрд текше метрге дейін артады.

«Өсім Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарында жаңа газ өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтіп, өңірлерді тұрақты газбен жабдықтауға мүмкіндік береді. 2027-2030 жылдар аралығында тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 млрд текше метрге, 2031 жылы – 2,3 млрд текше метрге, ал 2032 жылы 6,6 млрд текше метрге дейін жетеді», деді Ерлан Ақкенженов.

Министр газ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Жыл соңына дейін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының бірінші кезеңін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ министр бірқатар зауыттардың іске қосылатынын айтты. 2027 жылы Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты және Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға беріледі. 2030 жылға қарай Қашағанда қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын зауыт іске қосу көзделген.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады.

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…