Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамынша, 2026 жылы Электрондық еңбек биржасындағы бос орындар саны 1,12 млн-нан 1,31 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Базалық сценарий бойынша бұл көрсеткіш шамамен 1,2 млн бос орынды құрайды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлер арасында ең көп бос орын Астанада тіркеледі деп күтіледі – 128 мың. Одан кейін Алматы қаласы (102 мың), Түркістан (98 мың), Павлодар (88 мың) және Қарағанды облыстары (77 мың) тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау (19 мың), Маңғыстау (26 мың) және Жетісу облыстарында (28 мың) болжанып отыр.
Білім беру, денсаулық сақтау, өңдеуші өнеркәсіп, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында кадр тапшылығы сақталады. 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында жұмысшы мамандықтары, педагогтер мен медицина қызметкерлері болады.

