Спорт

Нора Джеруто Азиадада күміс медаль жеңіп алды

Сурет: Сали Сабиров

Азия ойындарында жеңіл атлет Нора Джеруто финалда 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол қашықтықты 9 минут 06.82 секундта еңсеріп, мәреге екінші болып келді. Алтын медальді Бахрейн спортшысы Яви Винфред жеңіп алды – 9 минут 04.36 секунд. Үндістандық Парул Чаудхари 9 минут 08.67 секундпен үшінші орынға тұрақтады.

Нора Джеруто 2017 жылдан бері Өскеменнің «Алтай Атлетикс» клубының намысын қорғайды. 2022 жылы ол ресми түрде Қазақстан азаматтығын алып, халықаралық жарыстарда еліміздің атынан сынға түсуде. Сол жылы АҚШ-тың Юджин қаласында өткен әлем чемпионатында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден (стипль-чез) Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Бүгін Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты: семсерлесудің сапы бағдарламасында ерлер құрамасы Азиада чемпионы атанды.

Көп оқылғандар