Спорт

Аянат Жұмағали Азиадада ауыр атлетикадан күміс алды

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

ХХ жазғы Азия ойындарында 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аянат Жұмағали күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 246 келімен екінші орынды иеленді.

Қытайлық Хэ Жэньсю 258 (118+140) келімен Азиада чемпионы атанса, ирандық Рейхане Карими 243 (107+136) келімен үздік үштіктен көрінді.

Бүгін Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Семсерлесудің сапы бағдарламасында ерлер құрамасы Азиада чемпионы атанды. Спорттық жүрістен 42,195 шақырым марафонда Ясмина Тоқсанбаева да құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал жеңіл атлет Нора Джеруто финалға шығып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ол 3000 метрді кедергілер арқылы 9 минут 06.82 секундта жүгіріп, мәреге екінші болып келді.

Көп оқылғандар