Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан аумағындағы мұнай өңдеу зауыттарында ресейлік мұнайды өңдеу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Reuters басылымының мәліметінше, тараптар мұнайды Қазақстан аумағында өңдеп, дайын өнімнің бір бөлігін ішкі нарыққа өткізу, қалғанын Мәскеуге экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда әзірге өңделетін мұнай көлемі, ықтимал келісімнің шарттары және нақты қай зауыттардың қатысатыны белгісіз.
Бұған дейін Ресейде жанармай тапшылығының күшеюіне байланысты Мәскеу Қазақстаннан 50 мың тонна бензин жеткізу мәселесін де талқылағанын хабарлаған едік. Көрші елде жанармай тапшылығы мұнай қоймалары мен мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдардан кейін күшейген. Бұл шабуылдар салдарынан елдегі мұнай өңдеу қуатының шамамен 25%-ы толық немесе ішінара істен шыққан. Соның нәтижесінде Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай сатуға шектеулер енгізілген.
Мазмұнға өту
