Сурет: aljazeera.com
Индонезияның шығысында 15 тамызда болған соңғы төрт жылдағы ең күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 68-ге жетті. Тағы 200-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Ұлттық апаттарды басқару агенттігінің мәліметінше, Шығыс Нуса-Тенгара провинциясындағы Флорес аралының өзінде 1300-ден астам үй зақымданып, 250-ге жуық үй толық қираған.
Жер сілкінісі салдарынан провинция бойынша 4500-ден астам үй бүлінді. Сонымен қатар 122 медициналық мекеме мен 252 мектеп зақымданды.
Елде шамамен 19 мың адам уақытша баспаналарға орналастырылған. Көптеген тұрғындар шатырларда немесе ашық аспан астында түнеуге мәжбүр. Себебі зілзаладан кейін де өңірде 1600-ге жуық афтершок тіркелген.
Еске сала кетейік, 15 тамызда Индонезияда 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Қазір елде адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары одан әрі жалғасып жатыр.
Мазмұнға өту
