Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-5» («Сұңқар») зымыраны сәтті ұшырылды. Бұл – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясындағы алғашқы ұшу, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Зымыранды «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны әзірледі. Бұл кәсіпорын ғарыш зымыран кешенін іске асыру үшін арнайы құрылған. Жобаның мақсаты – Байқоңырдың инфрақұрылымын жаңғыртып, Қазақстанның ғарыш саласындағы тәуелсіздігін арттыру.
«Бұл – Қазақстан үшін тарихи сәт. Біз жаңа буын зымыранын ұшыру арқылы ғарышты игерудегі мүмкіндігімізді кеңейтіп отырмыз», – деді «Бәйтерек» БК өкілі.
«Союз-5» зымыраны бұрынғы «Союз-2» үлгісімен салыстырғанда жүк көтергіштігі жоғары, экологиялық таза отынмен жұмыс істейді. Болашақта бұл зымырандар халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізу үшін де пайдаланылмақ.
Айта кетейік, «Бәйтерек» жобасы аясында 2025 жылға дейін тағы бірнеше ұшырылым жоспарланған. Бұл Қазақстанның ғарыш державасы ретіндегі орнын нығайта түспек.

