Спорт

Қазақстан семсерлесуден тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Гонконгта өтіп жатқан ересектер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, Қазақстанға семсерлесу тарихындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.

Бұл ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы финалы. Өткен жылы жігіттер Францияны жеңіп, тарихи қола медаль еншілеген еді. Араға бір жыл салып, қоланы алтынға айналдырды.

Жеңіс жолы: 1/16 финал: Қазақстан – Финляндия 45:39; 1/8 финал: Қазақстан – Өзбекстан 28:27; ширек финал: Қазақстан – Дания 45:36; жартылай финал: Қазақстан – Мысыр 41:32; финал: Қазақстан – Украина 45:40.

Қазіргі таңда әлем чемпионы атанған Қазақстанның ерлер құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.

Көп оқылғандар