Сурет: kaz.people.cn
Ресейдің Алтай мемлекеттік университетінде Жібек жолы археологиялық ынтымақтастық зерттеу орталығының Алтай бөлімшесі ашылды. Бұл құрылым Қазақстан, Қытай, Ресей және Моңғолия ғалымдарының Алтай өңіріндегі археологиялық зерттеулерін үйлестіретін халықаралық алаңға айналады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Орталық Алтай тауы мен оған шектес аумақтардағы трансшекаралық археологиялық зерттеулерді дамытуға, ежелгі көшпелі өркениеттің қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ Далалық Жібек жолы бойындағы мәдени байланыстарды зерттеуге басымдық береді. Төрт ел арасында ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастық механизмі құрылып, археологиялық деректер мен тарихи құжаттарды ортақ пайдалану, қашықтан зерттеу технологияларын енгізу және жас ғалымдарды бірлесіп даярлау көзделген.
Жоба аясында Қытай, Ресей, Моңғолия және Қазақстан археологтарының қатысуымен ғылыми семинарлар, бірлескен археологиялық барлау және қазба жұмыстары ұйымдастырылады. Алтай аймағындағы ірі қорымдар мен жартас суреттеріне далалық зерттеулер жүргізіліп, Еуразия далалық археологиясы бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту жоспарланып отыр.
Мазмұнға өту
