Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан құрамасы 58-ші Халықаралық IChO 2026 химия олимпиадасында 100% нәтиже көрсетіп, 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алтын медальді Айзере Женісханова (NIS, Өскемен) иеленді. Күміс жүлдегерлер: Қали Әбілмансұр (NIS, Астана), Данил Полетаев (№134 лицей, Алматы) және Ансар Жақсылықов (Spectrum International School, Астана).
Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін төленеді. Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам оқушы қатысты.
Мазмұнға өту
