Қазақстан қаржы хабына айналады: Үкімет реформаны қайдан бастайды?

Сурет: Aikyn.kz

Түркістанда өткен ТМҰ саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық және қаржылық хабқа айналатынын мәлімдеді. Бұл – Президенттің басты бастамаларының бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет қазірдің өзінде нақты қадамдарды жоспарлап жатыр. Реформаның негізгі бағыттары – цифрлық инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және қаржы нарығын либерализациялау.

«Біз Қазақстанды өңірлік қаржы орталығына айналдыру үшін барлық жағдайды жасаймыз. Бұл – экономикамызды әртараптандырудың маңызды қадамы», – деді Президент.

Сарапшылардың пікірінше, ең алдымен заңнамалық базаны жетілдіру керек. Сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сай басқару жүйесін енгізу қажет.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.