Қаржы

Қазақстан қалаларында нан бағасы қалай өзгерді?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бағасы бір жыл ішінде 4,2%-ға қымбаттады. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа өсімі 2,9% болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Маусым айының соңғы аптасында бірінші сұрыпты ұн нанының бағасы өзгермесе, әлеуметтік азық-түлік бағасы орта есеппен 0,1%-ға төмендеген. Өткен жылы нан бағасының жылдық өсімі 5,4% болған, ал әлеуметтік тауарлар 9,3%-ға қымбаттаған. Сондықтан 2026 жылғы көрсеткіштер салыстырмалы түрде қолайлы.

1 шілдедегі жағдай бойынша нан барлық өңірде қымбаттаған, тек бір қалада ғана арзандаған. Ең жоғары өсім Семейде – 13%, одан кейін Павлодар (12,9%) және Ақтөбе (12,5%). Орташа көрсеткіштен жоғары өсім Жезқазған (9,1%), Алматы (7,4%), Ақтау (6,9%), Петропавл (5,8%) және Қонаевта (5,7%) байқалды. Қалған қалаларда өсім 1%-дан 3,3%-ға дейін. Ең аз қымбаттағандар – Қарағанды (1%), Орал (1,1%) және Қостанай (1,4%).

Әлеуметтік нан бағасы арзандаған жалғыз қала – Көкшетау, мұнда бір жылда 8,7%-ға төмендеген. Ең жоғары баға Қонаевта – 347 теңге, одан кейін Алматы (308 теңге), Жезқазған (281 теңге), Семей (266 теңге) және Ақтау (253 теңге). Павлодар (244 теңге), Талдықорған (239 теңге) және Көкшетауда (231 теңге) баға республикалық орташадан жоғары. Ең төмен баға Оралда – 185 теңге, сондай-ақ Шымкент (187 теңге), Петропавл (196 теңге), Тараз (198 теңге) және Қостанай (199 теңге) қолжетімді. Қалған қалаларда баға 200 теңгеден жоғары.

Астанада әлеуметтік нан 212 теңге болып, орташа деңгейден төмен. Ақтөбеде де осындай жағдай, бірақ бұл қала баға өсімі бойынша үштікке кірген. Семей мен Павлодарда нан құны орташадан едәуір жоғары.

Көп оқылғандар