Сурет: Egemen Qazaqstan
2026 жылғы 25 шілдеден бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Енді БАӘ аумағында уақытша жүрген Қазақстан азаматтары өздерінің отандық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады. Тұрақты тұруға көшкен жағдайда B және B1 санатындағы куәліктерді теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жергілікті куәлікке ауыстыруға мүмкіндік беріледі.
Дәл осындай тәртіп Қазақстанға тұрақты тұруға қоныс аударатын БАӘ азаматтарына да қолданылады. Куәлікті айырбастау үшін жарамды жүргізуші куәлігі, тұруға ықтиярхат, құжаттың ресми аудармасы және медициналық тексеруден өткені туралы анықтама қажет.
Жеңілдетілген тәртіп тек B және B1 санаттарына қатысты. Басқа санаттағы куәліктер қабылдаушы елдің заңнамасына сәйкес айырбасталады. Келісім екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Мазмұнға өту
