Қаржы

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуы мүмкін

Сурет: Pixabay.com

Қазақстан танкерлерге жасалған шабуылдар салдарынан Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Bloomberg деректеріне сәйкес, теңізге тікелей шығатын жолы жоқ Қазақстан үшін негізгі экспорттық бағыт Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы КҚК терминалы болып табылады. Алайда танкерлерге жасалған шабуылдар мұнай жеткізуді тоқтату қаупін тудырып отыр.

Дереккөздердің айтуынша, мұнай айдауды тоқтату сейсенбіге жоспарланған. Дегенмен, Bloomberg материалы жарияланған кезде бұл шешімнің күшіне енген-енбегені нақты белгісіз.

Көп оқылғандар