Categories Қаржы

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

Сурет: kazakhmys_news

«Қазақмыс» компаниясының қауіпсіздік қызметі корпоративтік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыс аясында компанияға тиесілі жеке қорғаныс құралдарының ұрлану фактісін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Корпорацияның мәліметінше, №67 «Батыс» кен орнында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген мердігер ұйымның қызметкері жалған тауар-көлік жүк құжатын пайдаланып Ultra-210 маркалы респираторларды жымқырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 131 426 теңгені құрады.

Ішкі тексеру материалдары дереу құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, компанияға келтірілген материалдық залалды толық көлемде өтеді және кінәні мойындау туралы үдерістік келісім жасасты, — делінген хабарламада.

Қылмыстық істі қарау нәтижесінде Сәтбаев қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталушы заңнамада көзделген міндетті төлемді жәбірленушілердің өтемақы қорына төлеуге міндеттелді. Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…

Международные СМИ отметили устойчивость экономики Казахстана на фоне глобального замедления

В аналитическом отчете международной организации World Impact Media Organization (WIMO), опубликованном на сайте информационного агентства…

Елде 5,6 мың шақырым электр желісі жөнделді

Энергетика министрлігінің комитетінде өңірлік электр желілік компанияларының басшыларымен кеңес өтті. Өткен жылыту маусымында 17 мың…